Шымкентте карантинге қарамастан жезөкшелердің жұмысы қызып тұр (видео)

Oinet.kz 02-04-2020

Шымкентте қосымша шектеулер енгізілгеніне қарамастан, жеңіл жүрісті қыздардың жұмысы қызып тұр. Тәнін сатып үйренгендер тіпті, әлемге жайылып кеткен дерттен секем алатын түрлері жоқ, деп хабарлайды zakon.kz. 

2020040213463811490_yvarvy.jpg

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл - Шымкенттегі Шәмші Қалдаяқов көшесі. Мұнда тәуліктік пәтерлер өте көп. Жезөкшелер де жетерлік. Тұрғын түгілі, тәртіп сақшыларынан айылын жимайтын оларға, әзірге "әй" дейтін әже, "қой" дейтін қожа табылмай тұр.

Жезөкшелермен жасырын әңгіме:

- Қайда барасыңдар екеуің крассавчик болып? День рождения. Енді барасыңдар ма, енді басталады ма? Енді басталады.

Мына екі бойжеткен тілшілердің жасырын камерасына қалай түсіп қалғанынан бейхабар. Бейәдеп сөздерді білгенінше сайрап, тәнін сатуға дайын тұр. Тек, ортақ келісімге келсе болғаны.

Жезөкшенің әңгімесі:

- а, түнгі 2-де келеміз. На 2 часа. Да. Сағат 4-ке дейін, я. Номер запиши тоuгда. Обязательно. Ағай, менің де номерімді запишите.

Түнгі көбелектер тұрақтайтын орындар үшінші мегаполисте аз емес. Қаланың орталығы зинақорлардың ордасына әлдеқашан айналып кеткені рас. Мұнда тәулікке жалға берілетін пәтерлер де көп. Күн батқанда қызық қуатындар да осы жерден табылуға құмар. Ерігіп, бой сергітетіндер, тәнін саудалайтындар, қала берді, кәсіп үшін ақша табатындар да бой көрсетіп қалады.

Жыл басынан бері Шымкентте бірнеше жезөкшеліктің ордасы анықталған. Көпшілігі қылмыстық жауапқа тартылыпты. Сонда да олардың саны азаймай тұр.

Шыңғысхан Райымов, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының взвод командирі:

Аталған азаматшалар Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылады.

Тәнін сатушылардың арасында өзге елдің азаматшалары да кездесіп жататыны рас, әдетте. Оларды ұстап, елден шығарып жібергенімен, амалын тауып, қайта келетіндер де жоқ емес.

Айсұлтан Рахатұлы анасы Дариға Назарбаевадан кешірім сұрады
42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы клиенттердің карта шоттарына аударылуы мүмкін

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×