Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелінің беті-қолын пышақпен тіліп кеткен

Oinet.kz 03-04-2020 6927

"НеМолчиKZ" жәбірленушілерге көмек көрсету қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook желісіндегі жеке парақшасында бұрынғы күйеуі шабуылдап, бетін пышақпен тіліп тастаған ақтөбелік әйел туралы айтты. Құқық қорғаушының айтуынша, ер адам үй қамауында, бірақ әйелді аңдуын әлі де жалғастыруда, деп хабарлайды Stan.kz.

28 жастағы Айнагүл 13 наурызда жұмыста болған. Ол Ақтөбедегі құйылмалы сусындар дүкен-кафесінде бармен болып жұмыс істейді. Патологиялық қызғаныш пен үнемі ұрып-соғудың салдарынан әйел 2018 жылы ажырасуға өтініш берді. Қазір жалғыз 10 жасар қызын тәрбиелеп жатыр.

5e8712beedb5a212514705.jpg

"Кешке оның бұрынғы күйеуі Сәкен дүкенге келіп, сыраға тапсырыс берді, екі стақан ішіп болған соң, үшіншісіне тапсырыс бермекші болды, сол кезде Айнагүл алдымен ішкен екі стақанға төлеуді өтінді. Ол бұрынғы әйеліне дөрекілік танытып, сыраның дүкен атынан тегін берілгенін айтқан. Олардың арасында кішігірім жанжал туындаған, ол оған үшінші стақан құюдан бас тартты, ал күйеуі ары қарай отыра берді және бірнәрсені ойлаумен болды. Сәкен бәрінің кетуін күтіп тұрғандай болды, кафе түнгі бірде жабылады", - деп жазды Дина.

Құқық қорғаушының айтуынша, бәрі кетіп қалған кезде, ол тағы бір сыра сұрады, бірақ Айнагүл одан бас тартты. Осыдан кейін ол бір жерге шығып кетті, қайтып келген соң, есікті теуіп, қыз болған бөлмеге баса көктеп кірді. Ол басқа есік арқылы көршілес бөлемеге кірді, сол сәтте сыра ішіп отырған адамнан көмек сұрады, ол қыздың өтінішін елемей, оған жәрдем берместен шығып кетті.

Осы кезде Айнагүлдің  бұрынғы күйеуі оны ұра бастады, қызды жерге құлатып, оның үстіне шығып, бетіне өткір затты сұға бастады.

"Ол тіпті күйеуінің не істеп жатқанын түсінбеді. Жәй жұдырықпен ұрып жатыр деп ойлады, содан кейін ол Сәкеннің қолындағы пышақты байқады. Ол қолымен соққылардан бетін жауып алды. Күйеуі оны өлтіремін деді, мендік болмасаң, ешкімге де тиесілі болмайсың деді ол! Оның қол тигізбеуі үшін оралуға келіскенін айтты. Ол оған жалынып, қызы туралы, оның көзіне қалай қарайтыны жайлы, анасы қайда екен деген сұраққа не деп жауап бересің деп айтты. Ол есін жиғандай болып, оны ұруды тоқтатты", - деп жазады құқық қорғаушы.

Айнагүл дәретханаға қанды тоқтату үшін барып, өзінің жүзін айнадан көргенде шошып кетті.

"Бүкіл беті кесіліп, көздері әрең ашылды, қан тоқтамай ағып жатты. Ол бетін алақанымен жапты, оның қолдары да кесілген", - деп түсіндіреді Таңсәрі.

Ер адамның өзі жедел жәрдем шақырып, әйелге белгісіз адамдар шабуыл жасады деген. Кафеде отырған адам көшеде тұрды, Сәкен шыққан кезде оны ұстап қалған, Сәкен қарсылық білдірмеді. Сол сәтте патрульдік көлік дереу оқиға орнына жетті.

Артынша жедел жәрдем келіп, жәбірленушінің бетін үш сағат бойы тігеді.

"Сәкен үш күн камерада отырды және үй қамауында болады деп босатылды! Бірақ ол Айнагүлді аңдуды жалғастыруда, оған әлеуметтік желілерде жазады, яғни "үй қамағының" режимін бұзады!", - деді Дина Таңсәрі.

Құқық қорғаушы бұл қылмыстық іске баса назар аударуды және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің жеке бақылауына алуды сұрайды. Ол сондай-ақ, 9 сәуірде Қазақстан Республикасының парламентінде жұмыс тобының бірінші отырысы болатындығын, онда ол осы қылмысқа және "тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы" заңға сараптамалық баға беруді жоспарлап отырғанын айтты.

Не себепті 42500 теңге алуға өтінім беретін сайт жұмыс істемей тұр?
Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу