Камалжан Надыров қай жерде коронавирус жұқтыруы мүмкін

Oinet.kz 22-04-2020 840

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орынбасары Камалжан Надыровтың соңғы күндері қайда болғанын нақтылады, деп хабарлайды zakon.kz.

image.png

- Өткен аптада К.Т.Надыров облыстарға, атап айтқанда Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласына инспекциялық мақсатта іссапарда болды. Ол барған медициналық мекемелердің ішінде карантинге жатқызылған нысандар да бар, - деді министр.

Қазір Надыров Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Камалжан Надыров Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық басқармасының бастығы болып тағайындалып, жаңа жұмысына кірісуі керек болатын. Бірақ оның ауырып қалуына байланысты қазіргі басшы Тілеухан Әбілдаевтың отставкасы кейінге шегерілді.

Бекболат Тілеухан:“Назарбаев не деп еді? Қазақша айтуға болатын еді ғой?”
Коронавирус жұқтырған Камалжан Надыровтың жағдайы қалай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу