Әйелі мен қайын апасын пышақтаған азамат іздестірілуде

Oinet.kz 30-05-2020 5442

Ақтөбе облыстық полиция департаменті әйелі мен қайын апасын пышақтап кеткен ер адамға іздеу салуда, деп хабарлайды Oinet.kz порталы. 

image.png

- Аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген 1982 жылғы Сұлтанғалиев Берік Тұрақбайұлына іздеу жарияланады, - делінген Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарламасында. 

37 жастағы ер адамның белгілері: бойы 175-178 сантиметр, орта денелі, беті сопақша келген, көзі көк, қысық, шашы қоңыр, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген. Тәртіп сақшылары күдіктіні көрген білгендер бар болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: Ақтөбе облысы ПД кезекші бөлімі 936-100, 936-118, 936-225, 936-232, ұялы телефондар 8-775-680-58-88, 8-771-786-66-66, 8-776-546-66-66. 

Шенеуніктердің балалары туралы не білеміз?
Алматыда жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік аударылып кетті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу