Карантин режимін бұзғандар 83 мың теңге айыппұл төлейді

Oinet.kz 02-07-2020 1601

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынатынын мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Бұл туралы Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты. 

"Бизнес қауымдастық пен азаматтардың назарын мынаған аударғым келеді: карантин режимін және санитарлық-эпидемологиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғалар 30 АЕК ( 83 340  теңге) мөлшерінде әкімшілік жауапқа тартылады", - деді ол. Ал кәсіпкерлік субъектілеріне 230 АЕК (638 940 теңге) және одан жоғары айыппұл салынады.  

Премьер-министрінің орынбасарының сөзінше, тиісті нормативті құқықтық акті осы аптада қабылданады. 

"Он төрт күн аралығында белгіленген шаралардың тиімділігі бойынша мониторинг жүргізіліп, нақты қорытынды шығарылып отырады. Нәтиже бермеген жағдайда, шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін", - деді Ералы Тоғжанов.

«Коронавирус жұқтырған науқастарға орын саны жетпей жатыр» - Министр
Назарбаев қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу