Министр Назарбаевтың суреті бар футболка киіп, мерекемен құттықтады

Oinet.kz 06-07-2020 3334

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды мерекемен ерекше құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.

image.png

Екі ай бұрын ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған Аида Балаева ел арасында өзінің ерекше стилімен танымал. Бүгінде ол қазақстандықтарды астана күнімен құттықтап, өзінің инстаграмдағы парақшасына сурет салды. Суретте министр көк түсті футболка киіп алған, оның ерекшелігі түсінде емес, бейнеленген суретінде. Футболканың ортасында ҚР Тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жас күнінде түскен суреті бейнеленген. 

Бүгін, Елорда күні еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды.

Жандарбек Бұлғақов қазіргі айтыс туралы бар шындықты айтты
Әбдіжаппар Смановтың ұлы өмірден өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу