Ауру баласына қарғыбау тағып көшеде қыдырған әйел жұрттың ашуына тиді

Oinet.kz 28-07-2020 866

Красноярск тұрғыны Варвара Пономарева науқас ұлына қарғыбау тағып серуендеген, деп хабарлайд Oinet.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме беріп.4

image.png

Бұл көрініс түсіп қалған видео желіде тез тарап, жұрттың ашуына тиген. Осыдан кейін Варвараның басы дау астында қалып, не үшін мұндай қадамға барғанын түсіндіріп берді. Әйелдің айтуынша, желіде тараған видео жұбайы мен науқас баласын ертіп серудеуге шыққанда түсірілген. Ол қасындағы егде тартқан ер адамның альцгеймер ауруымен ауыратынын нақтылап кетті. Ал баланың сөйлей алмайтынын, сондай-ақ сөз түсінбейтінін айтты.  

"Егер балам қашып кетсе, мен оны қуып жетермін-ау, бірақ қуып жету үшін алдымен жартылай көрмейтін, айналасы түсінбейтін шалды көшеге тастап кетуіме тура келеді", - деді Пономарева. Ол баласына қарғыбау тағуға мәжбүр екенін түсіндірді.  

Оның сөзінше ешқандайда қарғыбау жоқ, болғанда емес, ұлының қолындағы аутизмнен зардап шеккен балаға дәрігерлердің берген арнайы білезігі екен. Ол балаға еркін қозғалуға мүмкіндік береді және ешқандай зиян келтірмейді дейді Варвара. 

Желіде тез таралып кеткен видео қызу талқыға түсті. "Мойнына тақпағанына рақмет", "Балаға қарғыбау таққанды бірінші рет көруім" - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

​3 тамыздан бастап Қазақстанда қандай мекемелер өз жұмысын бастайды?
Түркістан: Экологиялық-санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында профилактикалық-рейдтік шаралар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу