Үндістанда бетперде тақпаған ешкі тұтқынға алынды (фото)

Oinet.kz 05-08-2020

Үндістанда тәртіп сақшылары маскасыз жүрген ешкіні тұтқынға алды, деп хабарлайды Oinet.kz Dunya News порталына сілтеме жасап.

image.png

Қала ішінде маскасыз жүрген ешкіні көрген тәртіп сақшылары көлікке тиеп, полиция бөлімшесіне алып келген. Үй жануарының иесі бөлімшеге келіп, ешкіні босатуын өтінген. Нәтижесінде ешкі бостандыққа шықты. Алайда, бетперде режимін бұзбау туралы ескерту жасалды.

- Адамдар иттерді маска тағуға мәжбүрлеуде. Неліктен бұл ережені ешкіге қолданбасқа, - дейді полиция бөлімшесінің кезекшісі Сайфуддин Бег. 

Оңтүстік Кореяда қазақ жігіті ерлігі үшін марапатталды (фото)
Қазақстанның Ресеймен шекарада неге шектеу енгізгені белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×