Павлодар әкімі желіге телефон нөмірін жариялады

Oinet.kz 07-08-2020

Павлодар қаласының жаңа әкімі Ержан Иманслям әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің WhatsApp мессенджеріндегі нөмірін жариялады. 

image.png

- «Құрметті павлодарлықтар! Халық үніне құлақ асатын мемлекет - бұл халықтың мәселелері мен сауалдарына жедел жауап беретін билік. Осы бір жарым апта ішінде мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы жүзден астам өтініш алдым. Олардың кейбіреулері бірден шешімін тапты, кейбірі мұқият қарауды талап етеді. Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Онлайн-қабылдау» сервисі жұмыс істейді, онда Сіздер өзіңізді толғандырған сұрағыңызды маған тікелей қоя аласыздар. Сол сервис арқылы менің жеке қабылдауыма жазыла аласыздар. Сілтеме сториске бекітілген. Біздің диалог одан да нәтижелі болу үшін мен бүгіннен бастап жеке ватсап нөмірімді іске қосамын: +7 778 598 4948», - деп жазды ол. 

«Cәбилердің анасымен бірге өртеніп өлгенін күте ме?» - Сәуле Әбілдаханқызы
42500 теңге әлеуметтік төлем: Тамыз айының жартысына төлем тағайындау басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×