Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай салдарынан екі бүлдіршін мерт болды

Oinet.kz 12-08-2020 824

Батыс Қазақстан облысында екі кішкентай бүлдіршін құдыққа құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

2216758.jpg

Қайғылы оқиға 11 тамыз күні Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінде болған.  

Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шамамен сағат 15:00-де қараусыз қалған 3 және 1 жасар екі бала жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 3 метр суы бар құдыққа құлап кеткен.  Бүлдіршіндердің денесін сағат 18:30-да жергілікті тұрғындар шығарып алған.  

БҚО-ның төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды өтінді.

Коронавирус жұқтырғандарға бес дәрі-дәрмек тегін берілетін болды
«Назарбаевтың атын Ата заңға енгізу қажет» - депутат Хаменова
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу