Алматыдан Жезқазғанға бара жатқан 17 жастағы студент жоғалып кетті

Oinet.kz 28-08-2020 4487

17 жастағы Жезқазған тұрғыны 25 тамызда Алматыдан шығып, Қарағандыда із-түзсіз жоғалып кетті. Жігіттің туыстары полиция жүгінді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

image.png

Сұңғат Төлебаев Алматыдағы Сәтпаев университетінің екінші курсында оқиды. 25 тамызда жігіт Жезқазғанға үйіне кетіп, байланысқа шықпай қалған. Бұған дейін жігіт ешқашан байланыссыз қалмағандықтан туыстары алаңдай бастаған. 

"25 тамызда мен ұлыма хабарластым, әдетте біз онымен таңертеңгісін сөйлесеміз. Ол тұтқаны алмады. Күні бойы оған хабарласа алмадық. Алаңдадық. Сол күні кешке үлкен ұлым ноутбук арқылы Сұңғаттың байланысын бақылап, ол хабарласқан соңғы нөмірді анықтады. Ол автобус жүргізушісі болып шықты. Біз оған хабарласып, салонда көзілдірік таққан арық жігіт бар ма - жоқ па соны сұрадық. Ол бар екенін айтты. Сол кезде біз тұтқаны беруін өтініп, Сұңғатпен сөйлестік. Ол бізге телефонының бұзылып қалғанын, алдымен Қарағандыға арып, сосын үйге келетінін айтты. 

Оның неге бара жатқанын қатты сұраған жоқпыз. Кешке сол автобус жүргізушісіне хабарласып, Сұңғаттың шамамен 16:00-де Қарағандыдағы "Таир" сауда үйінің жанынан түсіп қалғанын білдік. Ол Сұңғат туралы басқа ештеңе білмейді. Сосын оны күтіп, автобустарды, поездарды күттік. Бірақ ол сол күйі келмеді", - деді жоғалған студенттің әкесі Марат Башаров. 

Келесі күні 27 тамызда жігіттің ата-анасы еріктілердің көмегіне жүгінген. Ал 28 тамызда Жезқазған қаласының ІІБ арыз жазған. 

Қазіргі уақытта Сұңғатты іздеу жұмыстарымен еріктілер мен полиция қызметкерлері айналысуда. Оның туыстары жігіттің жағдайының жақсы екеніне, жақын арада байланысқа шығатынына сенімді. 

"Біз не ойларымызды да білмейміз. Жақсылыққа үміттенеміз. Бұрын ол бұлай жасамайтын. Ол дербес және жауапты жігіт. Егер кімде кім оны көріп немесе суретінен таныған болса, онда бірден 8 701 809 70 34 (әкесі) немесе 8 708 352 64 60, 8 705 326 86 98 немесе 102 нөміріне хабарласуларыңызды өтінемін", - деді жігіттің әкесі. 

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жігіттің жоғалғаны туралы арыз тіркеліп, іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Назарбаев маңызды жиын өткізді
Елімізде өткен тәулікте 150 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу