Біздің ортақ мақсатымыз - Ұлттық бірлік пен әлеуметтік әділеттілік

Oinet.kz 25-09-2020

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Берік Айдарбекұлы БЕКЖАНОВТЫҢ сайлауалды бағдарламасы: 

Screenshot_4.jpg

«Nur Otan» партиясының төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жұртшылдық елдің қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысқысы келеді. Біз партияны қайта жандандырудың дұрыс бағытын таңдадық. Еліміздің мәселелерін бірлесіп шешу үшін ашық диалогті қамтамасыз ету қажет», – деген болатын. 

Дамыған және қалыптасқан демократиялық жүйесі бар елдерде праймериз сайлау алдындағы жарыстың маңызды және таңқаларлық оқиғаларының біріне айналуда. Дәл осындай үрдіс біздің елімізде де тұңғыш рет өткізгелі отыр. Себебі, «Nur Otan» партиясы ішкі партиялық іріктеу жұмысын ашық, әділетті өткізу жағын таңдады. Бұл шын мәнінде батыл қадам. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Nur Otan» партиясы өзінің іс-қимылы арқылы қоғамымыздағы жетекші саяси күш екенін дәлелдеп отыр. Партия алдындағы реформаларды жүзеге атсалысуға белсене атсалысып, өзінің әлеуетін толықтай пайдаланатын болады. 

Өзіме қандай жауапкершілік жүктегенімді түсінемін. Менің білімім, наным-сенімім, өмірлік тәжірибем және азаматтық ұстанымым еліміздегі бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Себебі, біздің ортақ мақсатымыз:

Тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанның қабырғасын қалау;

Ұлттық бірлік пен әлеуметтік әділеттілік;

Халықтың өскелең әл-ауқаты.

Бүгінгі жағдайда халықтың әлеуметтік ахуалын төмендетпей, ел экономикасының деңгейін  қалыпты ұстап, тұрғындар әлеуетін тұрақтандыру үшін мемлекетіміздің қаржылық, кадрлық, басқарушылық мүмкіндіктері жеткілікті. Бүгінде Қазақстан халқы Мәңгілік Ел идеясымен рухтанып отыр. 

Дегенмен, әлем күрделі кезеңді бастан өткеруде. Дүние жүзін жайлаған пандемияның әсері әлемдік экономиканың өсім деңгейін төмендетіп, мемлекеттерді жаңаша экономикалық даму стратегияларын қабылдауға мәжбүрлеуде. Қалыптасқан жағдайда біздің мемлекетіміздің де әлеуметтік-экономикалық дамуында күрделі өзгерістер орын алатыны даусыз. 

Сол себепті, өзімнің сайлауалды бағдарламамда экономиканың сан қырлы салаларындағы проблемаларға жалпыламалық сипатта негізсіз сын айтып, сырғытпа уәделерді тізе бермей, бар білімім мен тәжерибемді пайдалана отырып, көкейімде жүрген, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, ел экономикасын көтеруге мүмкіндік беретін нақты бастамалардың жүзеге асырылуына  атсалысуды мақсат еттім.

Руханият

Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзат баласы ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Қарқынды дамып келе жатқан елде ең алдымен ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да жас ұрпаққа байланысты. Біздің жастардың бойына мейірімділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік және ізгілік қасиеттерін сіңіру, олардың ар-ожданын ояту тұрғысында халқымыздың дәстүрлері - кез-келген ұлтқа үлгі бола алатын рухани құндылықтарымыз. Халқымыз өз ұрпағын қасиетті дәстүрлермен, өнегелік әдет-ғұрыптармен және ырым-тыйымдармен тәрбиелей білген. Салт-дәстүрді «ескіліктің сарқыншағы» деп қарамай, керісінше, ата-бабамыздың көзі деп қарағанымыз жөн болар. Өз отбасында әдет-ғұрып, жөн-жоралғы көріп өскен баладан үлкенге ізет көрсететін тәрбиелі азамат шығары сөзсіз. Сондықтан:

Әділдікке, еңбекқорлыққа, тәртіпке бастайтын ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құқықтық деңгейде бекіту керек.

– ұлттық дәстүрлер арқылы тәрбие беру үрдісінде адамның рухани мәдениетін қалыптастыру;

– Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге сүйене отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуді бастау керек деп санаймын.

Денсаулық сақтау саласы

Денсаулық сақтау қоғам өмірінің маңызды саласы. Денсаулықты қорғау құқығы – азаматтардың негізгі әлеуметтік құқықтарының бірі, өйткені бұл оның өмірлік мүдделерін, оның ішінде өмір сүру құқығын қамтиды. Бірінші кезекте денсаулық сақтауды дамытудың басымдығы жедел жәрдем қызметін, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру, медициналық кадрларды ең қажетті мамандықтар бойынша даярлау, медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің отандық өндірісін құру болуы керек. Тұрғындарды және медицина мекемелерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жүйесі қайта қаралуы тиіс. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің статусын заң деңгейінде бекіту керек.

1. Төтенше жағдай және карантиндік шаралары кезінде медициналық қызметкерлерге «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңға сәйкес, «құтқарушылар» мәртебесін беру.

2. Төтенше жағдай және карантиндік шаралар кезеңінде медицина қызметкерлерін жеке табыс салығын, жеке тұлғалардың меншік, жер және көлік салықтарын төлеуден босату.

3. COVID-19 коронавирустық инфекцияны жұқтыруды кәсіптік ауру санатына енгізу.

Білім саласы

1. Елімізде апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешімін таппаған. Бұл проблема біздің өңірде де орын алуда. Атап айтқанда, Шымкент қаласының демографиялық өсіміне байланысты жыл сайын мектеп оқушыларының саны  12 мыңнан астам балаға артуда. Қазіргі таңда, қаладағы үш ауысымды мектептер саны – 19, апатты мектептер саны – 2, сондай-ақ 6 мектеп спорт залдарымен қамтамасыз етілмеген. Жаңа мектеп құрылыстарын және қосымша құрылыс салу қажеттілігін шешу қажеттілігі туындап отыр.

2. Студенттерді жатақханамен қамту мәселесі өзекті тақырыптардың бірі. Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданының өзінде 3595 орынға қажеттілік туындап отыр. Сондықтан да, мемлекеттік жеке серіктестік жүйесін енгізі қажет.Сонымен қатар Парламент қабырғасында Республикалық бюджет Заңын қарау барысында туған өңірге қаржы бөлуге атсалысу Парламент депутаттарының негізгі жұмыстарының бірі болуы тиіс. 

3. Еліміздегі оқу орындарында оқыту жүйесі «қажеттілікке сай мамандық дайындау» – қағидаты деңгейінде ұйымдастырылуы тиіс, яғни бұл орайда Республика көлемінде нақты талдау жүргізіп, бұл мәселеге заңнама деңгейінде сипат беру керек.

Экология

Қазіргі таңда әлемдік экологияның жағдайы бүкіл жаһан жұртын алаңдатып отырғаны анық. Ондағы сын-қатерлерге қарсы тұру, күрделенген мәселені шешу барша адамзаттың ортақ ісі. Иә, негізінен еліміздің заңна¬ма¬сын¬дағы экологиялық нор¬малардың басым бөлігі, әсіресе өн¬ді¬рістік кәсіп¬орын¬дарға қатысты та¬лаптар.

Өкінішке қарай, кә¬сіп¬¬орындардан алынған эко¬лгиялық төлемдердің басым бө¬¬лігі қоршаған ортаны қор¬ғау жөніндегі жұмыстарға емес, бас¬қа бағыттарға жұмсалуда. Сон¬¬дықтан Экология Кодексінде эколо¬гия¬¬лық айыппұлдардан түскен қа¬ражатты табиғатты қорғау мақсатында пайдалану туралы норманы енгізу қажет.

Табиғи өнімдерді өңдеу және қайта өңдеу барысында әлемнің озық елдерінің қалдықсыз өңдейтін технологияларын өндіріске енгізу арқылы табиғатқа келтіріліп отырған зиян көлемін еселеп азайтуға болады. Өндірістік қалдықтар мен қоқыстарды қайта өңдеуді жолға қою арқылы олардан жаңа өнімдер алудың да тигізер пайдасы ерекше. 

Сондай-ақ, қалдықтарды сақтау және жою тәртібінде де қарастыратын мәселелер жеткілікті. 

Еліміздегі экологияға келтірілген зиян бойынша көбіне әкімшілік айыппұлмен шектеліп жатады. Үлкен өндіріс алпауыттарына белгіленген айыппұлды төлеп, зиянды қайта келтірмесіне кепілдік жоқ. Сол себепті табиғатқа келтірілген зиян үшін жауапкершілікті қылмыстық жауапкершілікті заңды тұлғаға қатысты шегінде қарастырса, өндіріс орындары қолданысқа жаңа технологияларды енгізу арқылы  автоматты түрде зиян келтіру мөлшерін азайтар еді.

Табиғатты аялап ұстау үшін санаға сілкініс қажет.  «Жинаған жер – таза емес, қоқыс тастамаған жер – таза» деген қағидатты ұмытпайық. Адамдардың қоғамдық орындарды ластауы жақсылыққа апарар жол емес.  Егер әркім жақсы әдетті өзінен бастаса, өзге қолдаушылар да табылады. Бәрімізге үлгі ретінде, еліміздің блогерлері мен ерікті азаматтары экосенбілік шараларына белсенді түрде қатысып, қоршаған ортаны аялап, қорғауға шақыруда. Дәл осындай шаралардың тұрақты түрде өткізілуі үшін Парламент қабырғасында ортаға салып, игілікті істің жалғасын бүкіл ел көлемінде қолға алынуы үшін белсенді түрде атсалысуды жөн деп санаймын.  

Бұдан тыс қоғамдық орындарды ластаған азаматтарға айыппұл мөлшерін көбейту керек. 

Елімізде экология полициясын енгізу уақыты жетті.

Экономиканы дамыту

Орта және шағын кәсіпке айрықша көңіл бөлу кезек күттірмес шара. Халқымыз өз кәсібімен айналысып, өз отбасын өзі асырайтын жағдайға жеткенде ғана экономиканы тұрақты деп есептеуге болады. 

Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шаралары қабылдануы тиіс. Ол үшін:

1. Орта және шағын бизнестегі нақты өнім өндіруші кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыру. Кәсіпорындардың толық іске қосылып, өнімін өндіріп, оны нарыққа шығарғанға дейін тиісті салықтардан және несиенің пайызын төлеуден босату мүмкіндіктерін қарастыру.   

2. Бүгінгі таңда орын алған пандемия кезінде кәсіпкерлерді қолдау бірінші орынға шығып отыр, өнім өндіретін орта және шағын кәсіпорындарға бөлінетін несиелердің пайыздық мөлшері де, оны қайтарудың мерзімі де ерекше ережелермен реттелуі тиіс. 

4. Монополистерге жол бермеу, нарықтық бәсекеге теңдей жол ашу. 

5. Мемлекеттің аграрлық секторды қаржылай қолдау көлемін арттырып, қазіргі қолданылып жүрген несиелендірудің, субсидиялаудың көптеген бағдарламаларын, құжаттары мен талаптарын оңтайландыру және оның қолдану мерзімін ұзарту керек.

Еңбек қатынастары

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 1 бабына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыратын, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын азаматтық қызметшілер болса, аталған азаматтық қызметшілердің еңбек-әлеуметтік құқықтары әр органда әр түрлі дәрежеде қорғалған. Сол себепті бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасындағы азаматтық қызмет» немесе «Азаматтық қызметшілер туралы» Заңын қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Себебі, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілердің әлеуметтік жағдайлары заңнамалық тұрғыда жақсы қорғалса, мәдениет, спорт, т.б. салаларда оларға қатысты жеңілдіктер барысында кемшін тұстар баршылық. Сол себепті жоғарыда аталған заңнамалық актіні қабылдау арқылы азаматтық қызметшілерге қатысты талаптар мен жеңілдіктерді, құқықтар мен міндеттерді біріздендіруге мүмкіндік туар еді деп есептеймін.

1. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің арасында жасалынатын «Ұжымдық шарттарды» жасауды заңнамалық тұрғыда тараптарды міндеттейтін уақыт жетті. Ұжымдық шарттар жасау арқылы жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталынуы, жұмыс беруші тарапынан оларға қауіпсіз жұмыс орындарын қамтамасыз ету, оларға әлеуметтік жағдайлар жасау бағытындағы жұмыстар жанданатыны сөзсіз. 

Сондай-ақ, барлық еңбек ұжымдарында жұмыскерлердің өкілдерінің болуы, олардың еңбек дауларын шешуде, өндірістік кеңестерде тиісті мәселелерді талқылауға қатыстыруды міндеттеудің, жұмыскерлер өкілдері арқылы (кәсіптік одақтар) қоғамдық бақылауды жандандырудың, жұмыс беруші тарапынан әлеуметтік жауапкершілік талаптарын орындауын бақылау жасаудың маңызы жоғары.

2. Елімізде еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төленетін төлемнің аздығынан көптеген еңбек адамдары өздерінің ауруын жасыруға немесе медициналық байқаулардан өту мүмкіндіктерін шектеуге алып келеді. Нәтижесінде пайдалы жұмыс күштерінің сапасын әлсіретуге және азайтуға жол ашып береді. Бүгінгі таңда бір айға берілетін еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері бары-жоғы 15 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Бұл 41 670 теңге деген сөз. Сол себепті еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін қайта қарап, Үкімет қаулысы ретінде емес, тікелей Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 133 бабына тиісті өзгертулер, атап айтқанда әлеуметтік төлемдерді жұмыскерлердің жалақы көлеміне, еңбек өтіліне қарай орташа жалақының 60-100%-ы көлемінде белгілеу туралы өзгертулер енгізу арқылы бекіту қажет деп есептеймін.

3. Қазіргі таңда еңбек жалақысының көлемі ел экономикасындағы инфляцияға сай келмейді, яғни қажет тауарлардың құны өскеніне қарамастан жалақы мөлшері өзгермейді.

Сондықтан, жұмыскерлердің күн көру деңгейін жоғарылату мақсатында жұмыс беруші инфляция деңгейіне сай жұмыскерлердің жалақысын индексациялауды міндеттеу жөніндегі заң нормасын Еңбек кодексіне енгізу қажет.

Жұмыспен қамту 

Маңызды бағыттың бірі халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы орайда, «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасын басшылыққа алып, елдің мүддесі тұрғысынан жұмыс жүргізіп, қолынан жұмыс келетін, денсаулығы жарамды азаматтарды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету әлеуметтік саясаттағы басым бағытқа айналуы тиіс. Уақытша, қоғамдық, маусымдық жұмыстармен қамтылғандардың статистикасы бөлек жүргізіліп, мемлекеттік органдардың қызметі тұрақты жұмыс орындарының ашылуымен бағалануы қажет деп санаймын. Сонымен қатар:

Еңбек рыногында тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған белсенді саясатты жүзеге асыру;

Экономикалық өсімді ынталандыру;

Жұмыс күшіне деген қажеттілікті қанағаттандыру;

Кәсіби білім, жастар мен жұмыссыз азаматтарды қайта оқыту сапасын арттыру;

Кадрларды даярлау жүйесін экономика сұранысына сәйкестендіру;

Кәсіпкерлік қызметтер мен өзін-өзі жұмыспен қамтуды қолдау шараларын жүйелі түрде іске асыру керек деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесінің орнығуы жолында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосуды негізгі перзенттік парызым деп санаймын. Жоғарыда айтылған ұсыныстарым мен пікірлерімді тиісті әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарға жеткізе отырып, туған еліміздің өсіп-өркендеуіне адал қызмет етуді, өзіме жүктелген міндеттерді адал атқаруды, елмен, халықпен тығыз байланыста болуды негізгі өмірлік ұстанымдарым деп ұғынамын.

​БҚО-да мұғалім жалаңаш отырып видео түсірген
Шымкент қаласының аумағында карантиндік және шектеу шараларын ұзарту туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×