Еңбек кодексі бойынша сауалдарыңыз болса, кәсіподақтар жауап береді

Oinet.kz 11-11-2020 638

"Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін түсіндіру мақсатында өзінің фейсбук парақшасында тікелей эфир өткізді. 

image.png

"Еңбек кодексі бойынша сауалдарыңыз болса, кәсіподақтар жауап береді" деген тақырыпта өткен эфир барысында Берік Айдарбекұлы көпшілікті мазалайтын бірқатар сауалдарға жауап берді. Берік Айдарбекұлы өз сөзінде, Кәсіподақтар Федерациясы — қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін жарғылық тапсырмаларға сүйене отырып ұсынатын және қорғайтын Қазақстандағы ең ірі қоғамдық ұйым екенін атап өтті. Сондықтан да, еңбек адамының жағдайы үнемі кәсіподақтардың басты назарында болатынын жеткізді. Еңбек кодексі және басқа да құқықтық-нормативтік актілерге сүйене отырып, еңбек адамына барынша қолайлы жағдай жасау – кәсіподақтардың міндеті.

Мәселен, өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі, яғни жазатайым оқиға орын алса, Еңбек кодексінің 17-бабында көрсетілгендей, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен талап етіледі. Ал, Еңбек кодексінің 22-бабында Жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Солардың бірі (13-тармақ) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуы тиіс.

Еңбеккерлер осы Еңбек кодексінің 22-бабының 2-тармағында көрсетілгендей жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың, келісімдердің, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындауды талап ете алады. Ол үшін міндетті түрде ұжымдық шарттың жасалуы тиіс. Ұжымдық шарт жоқ жерде, еңбек адамының ол жерде жұмыс жасайтынын дәлелдеп алу қиын. Сол кезде (5-тармақ) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуін де талап етуге болады.

Сондай-ақ, жеке еңбек дауын қарау үшін осы Кодексте (22-бап 16 тармақ) көзделген тәртіппен реттілігімен келісу комиссиясына, сотқа жүгіне алады.

Шымкент қаласында Үшжақты комиссия жұмыс жасауда. Оның құрамына Еңбек инспекциясының өкілдері, кәсіподақтар және жұмыс берушілер конфедерациясының өкілдері кіреді.

Тікелей эфирге 1185 адам қатысты.

Үйлестіру кеңесі өтті
Праймеризге қатысушылар Кентаудың проблемасын талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу