Бүгін Бауыржан Ибрагимовтың туған күні

Oinet.kz 24-11-2020

Осыдан, 59 жыл бұрын, яғни 1961 жылы Қазақ эстрада театрының бас директоры, «Бауыржан-шоу» театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанда «Сатира және әзіл» бірінші эстрадалық театрының негізін қалаушы Бауыржан Сабзалыұлы Ибрагимов дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.

Скандал и бескультурье: Как Бауыржан шоу устроил

Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтын (инженер-құрылысшы), Жүргенев атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын (драма және кино актері) тәмамдаған. Еңбек жолы: «Тамаша» телетеатрының актері әрі коммерциялық директоры (1988-1992), Алматы қаласындағы Теміржолшылар сарайының бас директоры (1992-1998), Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеатрының бас директоры (1998-2002), «Ақбура» өндірістік кооперативінің директоры (2002-2007), «Фуд-Стар» ӘКБ басқарма төрағасы (2007-2012); Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры (2012-2016), «BNB-Group» құрылыс компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы (2016 жылдан бастап). Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, халықаралық эстрада әртістері байқауының лауреаты.

Бүгін ақын, жазушы Сапарғали Бегалиннің туған күні
Тоқаев Бақытжан Сағынтаевқа тапсырма берді


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×