Бақыбек ауылы тұрғындарымен кездесу өтті

Oinet.kz 05-01-2021 754

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - Жабатаев Берік Қамысбекұлы Бақыбек ауылының тұрғындарымен "Есіктен есікке" акциясы өткізіп, канвассинг-кездесуін өткізді. Кездесу барысында Түлкібас ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. 

image.png

Сайлауалды бағдарламадағы жайлы аудан басым бағыты бойынша Бақыбек мөлтек ауданында 64 пәтерлі 5 тұрғын үй және 32 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетіндігін айтты. Қауіпсіз аудан  бағыты бойынша Майлыкент ауылдық округі жарықтандыру жүйелерін толықтай жарық диодты шамдармен алмастырып, жарықтандыру жүйелерін орнатпақ. Сонымен бірге ауыл тұрғындарын Майлыкент ауылдық округінде жүргізілетін жолға орташа жөндеу жұмыстарын айтып қуантты. 

Бақыбек ауылы тұрғындары жалпы партияға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

image.png

Nur Otan партиясы Түлкібас аудандық филиалының Сайлау қоры қаражатынан төленді

«Ақсанат инжиринг» ЖШС ұжымымен кездесу өтті
​Үміткер - Оспанов Ерік Серікұлының қатысуымен тікелей эфир өткізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу