Кандидаттар Көксәйек ауылдық огругінің тұрғындарымен кездесті

Oinet.kz 05-01-2021 832

136428928_952811991790226_3125474996800641853_o.jpg

«Nur Otan» Партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Р.Сайлауулы, Е.Жабаев, Д.Турдалиев, Г.Нурмаханова, Б.Турлыбеков және Н.Ажибаев партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Көксәйек ауылдық огругі «Жеңіс» мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті.

 Кездесу барысында "ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ" жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Төлеби ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарта түсуге жағдай жасау әрқашан партия назарында екенін тілге тиек етіп, Көксәйек елді мекенінің бас жоспарына сәйкес тұрғын үй құрылысына бөлінген жер теліміне 4,2 шақырымдық электр желісін, 2 трансформатор, 2,8 шақырымдық жол, 2,8 шақырым байланыс кабелі, 11,5 шақырымдық ауыз су желілерін орнатуға «Nur Otan» партиясы ықпал етеді. Нәтижесінде жер телімі кезегінде тұрған азаматтардың үлесі 15%-ға немесе 5 елді мекендегі 1013 азаматтар жер телімімен қамтылып, тұрғындар кәріз жүйесімен 17%-ға қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар үміткерлер жергілікті тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Өмір сүру сапасын арттырамыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу