Джо Байден АҚШ-тың президенті атанды

Oinet.kz 21-01-2021 733

Джо Байден ант қабылдады және ресми түрде АҚШ президенті қызметіне кірісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

ДЖо Байден.jpg

- Мен, Джо Байден, Құрама Штаттардың президенті міндетін адал атқаруға және Құрама Штаттардың Конституциясын қолымнан келгенше қолдауға, күзетуге және қорғауға салтанатты түрде ант етемін, - деп келтірді Байденнің сөзін РИА Новости.

АҚШ-тың жаңа президенті "бар көңілімен" бірлікке ұмтылатынын айтып, америкалықтарды да соған шақырды.

- Барлық мәсеселені шешу үшін, көңілімізді жайлы етіп, Америка болашағын қамтамасыз ету үшін құр сөзден әлдеқайда көп нәрсе керек ... - бірлік ... Бүгінде көңілім Американы нығайту, халқымызды біріктіру, ұлтымызды біріктіруді қалайды. Мен әрбір америкалықты осы мақсатта маған қосылуды сұраймын, - деді ол ұлықтау рәсімінде.

Байденнің айтуынша, оның сайланғаны демократияның жеңіске жеткенін білдіреді. 

- Бұл - Америка күні, бұл - демократия күні. Тарих пен жаңаруға үміт күні. Біз бүгін кандидаттың емес, мақсаттың жеңгенін атап өтеміз. Мақсат - демократия. Халықтың қалауы тыңдалды. Біз тағы да демократияның бағалы екенін ұқтық. ... Міне, достар, қазір демократия жеңді, - деді Байден.

Соңғы тәулікте 1180 адам коронавирус жұқтырды
Ақтауда төртем дүниеге келді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу