Қазақстандық Әлия Назарбаевадан қарызға ақша сұраған (фото)

Oinet.kz 22-01-2021

Қазақстандықтар Әлия Назарбаевадан қарызға ақша сұрауда. Бұл туралы Елбасының кенже қызы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Әлия Назарбаева.jpg

- Қайырлы күн Әлия Назарбаева! Жағдайыңыз қалай!? Әлия Нұрсұлтанқызы өтінеммін пәтер алуға көмектесіңізші! Қарызға 15 миллион беріңізші! Сізге ай сайын жалақымнан 60-700мың теңге сіздің есепшотыңызға аударып отырамын - деп жазған қазақстандық тұрғын.

Қазақстандық тұрғынның өтінішіне Әлия Назарбаева өз жауабын бергді. 

- Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады! Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамдардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын. Мен қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз! Біз тұрғын үй мәселелерін шешпейміз, жұмысқа орналастырмаймыз, мемлекеттік органдардың істеріне араласпаймыз. Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді! Кейде бас тарту - ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу! Ал ниеттерім менің күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену! - дейді Әлия Назарбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

Түркімендер қара нанға зар болып отыр
Мейрамбек Беспаев пен Мақпал Жүнісованың жас күндегі суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×