Қазақстандық шенеунік ауыр жарақат алды

Oinet.kz 23-01-2021

"Қазақстан темір жолы" басшысы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылданып жүріп жарақат алды. Бұл туралы  "ҚТЖ "ҰК" АҚ баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.

Сауат Мыңбаев.jpg

22 қаңтарда Әлеуметтік желілерде Мыңбаевтың "омыртқасы ауыр жараланды" деген ақпарат пайда болды. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, ол немістің Charité ("Шарите") клиникасына жеткізілген.

Алайда кейінірек ұлттық компания өкілдері бұл қауесетті жоққа шығарды. Сауат Мыңбаевтың денсаулығына қауіп жоқ екенін хабарлады.

- Сауат Мыңбаевтың денсаулығы туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа қатысты мынаны хабарлаймыз. "Қазақстан темір жолы" "ҰК" АҚ басқарма төрағасы спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта ол емделіп жатыр. Оның денсаулығына еш қауіп жоқ, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Мәжіліс депутаттары 550 мыңнан 800 мың теңгеге дейін жалақы алады
Қазақстанда жаңадан үш партия құрылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×