Алексей Навальныйға қатысты сот үкімі шықты

Oinet.kz 03-02-2021 666

Мәскеу қалалық соты ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Наввальный.jpg

Сот үкімі бойынша, "Ив Роше" ісіне қатысты 3,5 жылға шартты соттау мерзімі колонияда өтеу туралы жазаға ауыстырылды. ️Үй қамауында өткен жылды ескере отырып, Алексей Навальный енді колонияда 2,5 жылын өткізеді.

- Сот Жазаны орындау федерал қызметінің (ЖОФҚ) ұсынысын қанағаттандырарлық деп санайды, - деді судья Наталья Репникова.

- Сау бол, мұңайма, бәрі жақсы болады, - деді Навальный залда отырған әйелі Юлияға.

"Дождь" арнасының мәліметінше, ЖОФҚ желтоқсанның аяғында сотқа Навальныйдың "Ив Роше" ісіндегі шартты мерзімін нақты мерзімге ауыстыру туралы өтінішпен жүгінген. Департамент оппозиционерді Германияда емделгеннен кейін Ресейге оралмай, сынақ мерзімін бұзды деп санайды. Навальныйдың адвокаты оңалту курсы Мәскеуге келгенге дейін екі күн бұрын аяқталғанын және инспекция оның қайда екенін білгенін айтқан.

Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Танымал жазушы өмірден озды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу