Өз баласын тұншықтырып өлтірген әйел жындыханаға жіберілді

Oinet.kz 13-05-2021 702

Алматы облысында 2 жастағы баласын өлтіріп, тоңазытқышта ұстаған әйел мәжбүрлі емделуге жіберілді. Бұл туралы Алматы облысының мамандандырылған қылмыстық соты хабарлады.

бала.jpg

Сот мәліметіне қарағанда, әйел адам шизофрения ауруына шалдыққан. Сол себепті оған қатысты қылмыстық өндіріс сот қаулысымен тоқтатылды.

Енді 27 жастағы әйел мәжбүрлі түрде мамандандырылған психиатриялық стационарда емделетін болады. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазан айында Алматы облысының Қаратал ауданына қарасты Үштөбе қаласында 2 жастағы баланың денесі мұздатқыштан табылған болатын. Артынша кішкентай ұл баланы туған анасы өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан, əкесі өзге елде тұрады. Және ұлын қалай тұншықтырып өлтіргенін ол қолымен көрсетіп берді.

Соңғы тәулікте 2283 адамнан коронавирус індеті анықталды
Шымкент трансплантация орталығына айналуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу