Шымкентте ерекше үшем дүниеге келді (фото, видео)

Oinet.kz 13-05-2021 2082

Шымкент қаласында үшем дүниеге келді. 25 жастағы Нигара Миркасимова екі қыз бен бір ұл босанды. Осылайша жыл басынан бері Шымқалада үшінші үшем жарық дүние есігін ашты.

Шымкент үшем.jpg

Бақытты ата-аналар нәрестелерге Муслима, Мухлиса, Мухаммадәли есімдерін берген. Сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты, перзентханадан шығарылды.

Үшем 5-мамыр күні 35 апталық кезінде ота тәсілімен туылған. Салмақтары 2000-2200 грамм, бойлары 40-42 см. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған.

Нигара Миркасимованың бұған дейін тағы екі перзенті болған, осылайша жас ана бес баланың анасы атанып отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шымкент ДСБ/Горздрав Шымкент (@gorzdravshymkent)

Тоқаев бес елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
Түлкібас: Аудандық аурухананың неврология және гинекология бөлімдері күрделі жөндеуден өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу