Мемлекеттік сатып алуда заңды сақтау - басты назарда

Oinet.kz 10-06-2021 777

Screenshot_5.jpg

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан "Мақтаарал ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен 2021 жылдың сәуір айында мемлекеттік сатып алу https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталында ашық конкурс тәсілімен жарияланған  № 5703769-1 «Жамбыл ауылдық округі Кеңесшіл елді мекеніне спорт алаңшасын орнату жұмыстары»  мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша "Мақтаарал ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 150 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған. 

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, "Мақтаарал ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгнгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

С.Баетов,

Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманы

Түркістан қаласында үш күн республикалық семинар өтеді
Сайрамда мемлекеттік тапсырыс саласында заңбұзушылық анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу