«Спорт саласында осындай олқылықтарды көріп медал алмайтынымызды сезіп едім» - Айгүл Орынбек

Oinet.kz 05-08-2021 3768

Белгілі заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек еліміздің Олимпиада ойындарынан не себепті жүлдесіз қалып жатқаны туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Айгүл Орынбек.jpg

- Сақалдары салаңдап, дамбалдары далаңдап дұғада жүретіндердің арқасында медалсіз қалдық! Кезінде спортты сәләфизм жәйламай тұрып, ұлттық рух, намыс қандарында қайнап тұрғанда спортшыларымыз жүлдемен оралған еді.  Спортқа “дұғада болайық” дейтіндер кіргелі,  спортшылар рухсыз болып қалды.  Халықтың емес, Алланың алдында жауап береміз жеңілсек жеңіле берейік деп ойлайтын шығар!

“Қаңғып жүрген өзбектер” деп көршілерді менсінбейтін едік, сақалдыларды түбімен жойып, намысшылдық пен отансүйгіштіктің арқасында Олимпиада ойындарында алтындар алып, бізден озып отыр. Алдын бұндай болған емес!  Спорт жайлы мұрнына исі бармайтын адамдар, спорт саласын басқарып отыр. Ауыл аймақта намысты жастар жоқ емес, бар. Олардың дарынын, намысын оятып жетелейтін чемпиондар мен бапкерлерді басшылық қызметке алып келмейді! Себебі әкімдерге спортты дамытатын емес, спорттан пайда көретін адамдар ыңғайлы !

Мысалы ретінде, Түркістан облысы спорт басқармасының бұрыңғы қызметкерлері спортшылардың тамағынан, жарыстарға арналған қаражаттарын жеген деген айыппен жақында қамауға алынды! Тиын тебен емес, миллиондар желінген…  Шымкентте де қаламыздың спорт басқармасын шетелдің азаматына басқаруға құзырет берді… Шетел азаматы отанды сүйетін рухты спортшыларды тәрбиелеп шығарады деп ойлады мекен, сол Әйтенов?! 

Спорт саласында осындай олқылықтарды көріп жүрігеннен кейін медал алмайтынымызды сезіп едім. “Дұғада болайық” дейтіндерді емес, “Отанға қызмет етейік” дейтін жастарды тәрбиелейік! - Айгүл Орынбек.

«Вакцинасыз біз өмір бойы карантинде өмір сүреміз» – дәрігер
Қазақстандық балуан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу