Назарбаевтың күйеу баласы тағы бір станция желісін иемденді

Oinet.kz 04-11-2021 1494

"ҚазМұнайГаз" жанар-жағармай станциялар желісі жекешелендірілгеннен кейін бір жарым жылдан соң оның құрылтайшылары қатарына Joint Technologies ЖШС енді. Бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестік экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур #Құлыбаев ("#Кипрос" ЖШС арқылы) пен Раушан Сағдиеваға тиесілі. Бұл жөнінде 4 қарашада компания құжаттарына сүйенген Forbes сайты жазды.

image.png

Сайт ақпаратынша, қазір Qazaq Oil деген атқа көшіріліп жатқан "ҚазМұнайГаз" станциялар желісі 2019 жылы сәуірде жекешелендірілген. Келісім құны 60,5 млрд теңге (сол кездегі курс бағамымен 163,3 млн доллар) болған. Қазір станциялар желісі PetroRetail компаниясына қарайды.

Компания сайтындағы мәліметке қарағанда,республика бойынша "ҚазМұнайГаз" станциялар желісіне 342 жанар-жағармай станциясы кіреді.

Forbes жазуынша, PetroRetail құрылтайшыларының арасында одан бөлек Prime case ЖШС (Қазақстандағы ең ықпалды кәсіпкерлер тізіміне енген Данияр Әбілғазин мен Head company ЖШС-ға тіркелген) мен Руфат Ходжалаков (Атырау облысының ауыр атлетика федерациясының төрағасы, "ҚазМұнайГаз" өңдеу маркетинг жетекшісі болған) бар.

Head company компаниясының құрылтайшысы – бұрын Қаржы министрлігінде лауазымды қызмет атқарған, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі Бауыржан Тойбазаров.

PetroRetail – Тимур Құлыбаев портфеліндегі мұнай өнімдерімен айналысатын жалғыз актив емес. Оның GasEnergy деген атпен белгілі дизель және бензин сатумен айналысатын "Автогаз Трэйд" компаниясында да үлесі бар. Желі Қазақстанның ірі алты қаласында жұмыс істейді, 41 жанар-жағармай кешені мен түрлі тасымалдаушыларда 115 газ моноблогы бар.

Тұрсынбек Қабатов басшылық қызметке тағайындалды
Ақжайықта балаларға арналған ойын алаңшасы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу