Шымкентте қарапайым ота жасатқан қыз ауыр жағдайда жатыр

Oinet.kz 06-11-2021 853

Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Әсел Қоқанова ауруханаға өкпе ісігін алып тастауға келген. Операциядан кейін 8 ай өтті, қыз әлі ауруханада, жағдайы нашарлап барады. Оған туберкулез диагнозы қойылған. Қыз осы уақытта 30 келіге арықтап кеткен, ісік алынған жер үнемі іріңдеп тұрады. Қыздың жақындары оны емдеуге елордаға жіберуді сұрап отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

image.png

- Анашым, мені ауруханадан алып кетіңізші. Мен шаршадым, енді шамам жетпейді, - деп Әсел аурухана палатасынан туыстарына видео жолдайды.

Сәуірде ол өкпесіндегі ісікті алып тастау үшін ота жасатқан. Алайда ота 20 минуттың орнына төрт сағатқа созылған. Содан бері оған туберкулез диагнозы қойылып, кейін кесілген жер іріңдей бастаған. Отбасы қыз туберкулезді ауруханада жұқтырғанына сенімді.

Басқарма табалдырығын тоздырудан шаршаған Әселдің туыстары қызды елордаға ауыстыруды талап етіп, ауруханаға келген.

- Ота күтуге уақыт болмағандықтан сәл ерте жасалды. Сондықтан толық тексеру жүргізілген жоқ. Келесі аптада туыстары келіссе, науқасты Нұр-Сұлтанға жіберуге тырысамыз. Нұр-Сұлтан немесе квота бойынша Алматы. Барлық жол шығынын өзіміз өтейміз, - деді Шымкент қаласының №1 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұржан Естемісов.

Әселдің туыстары үшін қыз туберкулезді қалай жұқтырғаны жұмбақ күйде қалып отыр. Дәрігерлер қыз отаға дейін ауырғанына сенімді.

Қыздың туыстары дәрігерлердің сөзіне сенбей, сотқа жүгінбек, дейді телеарна журналисі. Олар тек хирургты ғана емес, бүкіл аурухана басшылығын жазалауды талап еткісі келеді.

Соңғы тәулікте 1 328 адамнан коронавирус анықталды
Мәулен Әшімбаев Италия парламенті сенатының төрағасымен келіссөздер жүргізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу