Елордалық тұрғындар министрдің отставкаға кетуін талап етті

Oinet.kz 23-12-2021 902

Қазақстанның әр өңірінен келген шаруалар ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

image.png

Елордада шаруа қожалықтарының басшылары өз талабын Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысына айтты. Олар жазғы құрғақшылықтың әсеріне төтеп беруге күш жоқ екенін, шенеуніктер тарапынан қолдау тапшы екенін мәлімдеді. 

- "Сізге қызметіңізден кету керек, ал сіздің орныңызға халық үшін жаны ашитын жақсы маман табу керек. Ренжімеңіз, бірақ Маңғыстаудағы халық ашулы, жұмысыңызға қанағаттанбайды. Мақсатымыз - аймаққа жеделдетіп қолдау көрсету. Қыстың екі айы ғана қалды, көмектесіңіз. Егер кейінгі жылмен салыстырсақ, Маңғыстауда малдың төрттен бір бөлігі ғана қалды. Қалған мал басы өлді немесе Ақтөбе мен Оралда сатылды десем, өтірік емес", - деді министрге Маңғыстау облысынан келген фермер Әділбек Сағындықов.

Шаруалар өлген малды қайта санауды талап етті. Олар 1700 деп мәлімделген санды аз деп санайды. Жем бағасына да шағымданды. Ең қымбат шөп - Маңғыстау облысында. Осылай жалғаса берсе, қыста қалған мал өледі.

Шаруалар шенеуніктерден шұғыл араласып, баға жағдайын реттеуді сұрайды. Барлығы субсидия бар екенін біле бермейтіні белгілі болды. Білген күннің өзінде көп құжат жинау керек. Фермерлер заңға өзгерістер олардың пікірлерін ескерместен енгізілгені ұнамайтынын айтты.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері шаруалардың келетінін күтпеген. Оның үстіне, министр отставкаға кету туралы талапты тыңдауды жоспарламаған. Дегенмен сынды тыңдап, реттеуге уәде берді.

- "5 қаңтарда депутаттармен бірге комиссия жібереміз. Қаржыландыру мәселесін Қаржы министрлігімен бірге шешеміз", - деп уәде берді Ербол Қарашөкеев.

Алматыда 52 жастағы әйел егіз босанды
16 жастағы қыздың өлімі көпшілікті шошытты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу