Мемлекет басшысының Жарлығымен 10 қаңтар жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленді

Oinet.kz 10-01-2022 647

Screenshot_3.jpg

Биылғы 4-5 қаңтар күндері еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алған лаңкестік іс-әрекеттер мен жаппай бұзақылықтың салдарынан көптеген азаматтардың, соның ішінде әскерилердің мен полиция қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 10 қаңтар – жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. 

Бұл халықтың қауіпсіздігін, еліміздің тыныштығы мен тұтастығын қорғау жолында ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшыларының рухына құрмет көрсету мақсатында қабылданған шешім. 

Айта кетейік, жалпыұлттық аза тұту күнінде бүкіл республикадағы секілді Шымкент қаласында да мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы Мемлекеттік Ту төмен түсіріліп, ел аумағында мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруға заңмен тыйым салынады. Сонымен қатар барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан жарнамалық және көңіл көтеру бағдарламалары алынып тасталады.

Ұлттық ұланның екі жауынгері қаза болды
Қазақстанда ұсталған қырғызстандық музыкант өзін не үшін айыпты етіп көрсеткенін түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу