Бейбіт Сейдуалиева анасы қайтыс болған соң, әкесіне екінші жар таңдап бергенін айтты

Oinet.kz 14-01-2022 2678

Бейбіт Сейдуалиеваның анасы осыдан 12 жыл бұрын бақилық болған. Әнші анасының жылын бергеннен кейін, бауырларымен бірігіп, әкесін екінші рет үйлендірген. Бүгінде әкесінің екінші некеден бір ұлы бар. Бұл туралы әнші Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында айтты. 

Screenshot_4.jpg

"Үш қыз, бір ұл едік. Енді екі ұл болды", - деп қуанышын жеткізді Бейбіт.

Әншінің айтуынша, анасы дүниеден озғанда әкесі 54 жаста болған. 

"Бала-шаға жоқ емес, бірақ ер азаматқа өте қиын. Мен қасында отырып, шайын құйып бере алмаймын. Өз отбасым, бала-шағам бар. Бір күн келермін, екі күн келермін. Ол кісі менің қолыма келіп тұрмайды. Келін бар, ұл бар, шүкір. Бірақ қасында шүйіркелесіп, әңгімесін айтып отыратын адам керек. 80-90-ға келген кәрі кісі емес. Әлі өмірдің жартысына келген шағы.

Анамның жылын бергеннен кейін, балалары болып әкемізге "жар іздейміз" деп рұқсатын бердік. Ұсыныс тастадық, қабыл алды. Үйленді, кішкентайлы болды. Қазір екінші інім бар. 10 жастан асып қалды", - дейді Бейбіт Сейдуалиева.

Мейрамбек Беспаев Қазақстан халқына үндеу жасады
Совет солдаттары тұтқынға қалай берілген?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу