Мұғалім де, ата-ана да, бала да оңып тұрған жоқ

Oinet.kz 10-06-2022 1898

Screenshot_20.jpg

Қазіргі мұғалімнің кейбірі - үйтіп-бүйтіп сырттай шала оқып диплом алып, үйтіп-бүйтіп мектепке орналасып алғандықтан жалтақ, директордың айтқанына бір, ата-ананың айтқанына екі еретін өз ұстанымы жоқтар.

Мұндайға білгені аз, білімі саяз, сауаты төменді де қосыңыз.

Ата-ана да оңып тұрған жоқ. Үйінде өз баласын сисе сідігі жететін жердегі дүкенге тапайдың талтүсінде дүкенге жұмсай алмайды. Өз баласына айтқанын орындата алмай отырып, дұрыс тәрбие бере алмай отырып мұғалімді жөнге салғысы келетіндер, үйінде жоқ тәртіпті мектепте қалыптастырғысы келетіндер баршылық, тіпті көп.

Бала да оңып тұрған жоқ. Қылығы жексұрын болса да, сыртта өзінің сөзін сөйлейтін әке-шешеге арқа сүйеп биті семіргендерді айтам.

Оған боққа батудың аз-ақ алдындағы саланы қосыңыз. 30 жылда 20 шақты министрі ауысқанда біреуі: “Халықтық педагогиканы енгіземін, ұлттық тәрбиені қолға алу керек!” - демеді.

Қазақ білімі ШӘМША БЕРКІМБАЕВАМЕН БІРГЕ КЕТТІ, ҰЛТТЫҚ БАҒЫТ-БАҒДАР СОЛ КІСІМЕН БІРГЕ ЖЕРЛЕНГЕНДЕЙ!

Өзін-өзі танып біткен сорлылар эфирден қайын атамен төсектес болғанын “мақтанып айтып”, қалғаны тыңдады.

Қазір “қол сынса, жең ішінде” жоқ, свобода личности алға озған заман! Өзін-өзі қалай танытса да, танытуы, танымал болуы керек.

Қатын бата берген заман!

Дінтану деп, үш тұғырлы тіл деп тағы көкіді.

Эссені эссист-жазушы ғана жазады, диктанттан бала сауатты болмақ, шығармадан баланың ой-өрісі дамиды, мазмұндама жазғаннан оқушының есте сақтау қабілеті артады, сол үш сөзді қайтарып, дұрыс бағыт берейік деген мұғалім тағы жоқ.

“Отбасы”, “түтін”, “шаңырақ” деген қазақты сөздері барда “жанұя” деп лаққанымызға жол болсын, осы керек емес”, - дейтін тағы ешкім жоқ.

Енді келіп бесіктен белі шықпаған қыздан қатын жасап хиджабқа тұмшалағысы келеді.

Айгүл Болатханқызы Фейсбуктегі парақшасынан

Баласын мектепте орамалмен жіберу - ата-ананың қылмысы
Ақтөбеде белгісіз жануарлар талап тастаған баланың мәйіті табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу