Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды: Қаза тапқандар бар

Oinet.kz 22-07-2023 929

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Screenshot_10.jpg

Оқиға Үшарал-Достық автожолының 55 шақырымында болды. Онда Kia Soul мен Toyota Camry соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша, 46 жастағы әйел Kia көлігін басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Салдарынан оқиға орнында Toyota-да болған үш жолаушысы көз жұмды. Екі көліктің жүргізушілері де, сондай-ақ үш жас бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

«Қолын байлап, басына қап кигізген»: 12 жастағы баланы белгісіз біреулер ұрлап кеткен
«Анасы қастарында болған»: Ақтөбе облысында үш қыз қайғылы жағдайда мерт болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу