Шымкентте көлік мінген қыздар жолда ойына келгенді істеген (видео)

Oinet.kz 22-07-2023 700

Шымкентте жол ережесін бұзған қыздар жазаданды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_14.jpg

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде қалалық полиция департаментінің қызметкерлері бірнеше шетелдік көліктердің қозғалыс кезінде бірнеше рет жолақты ауыстырып, қашықтықты сақтамай, бір-бірін басып озып, төтенше жағдай туғызғанын анықтады.

Рөлдегілердің орынсыз қылығына ашуланған өзге де жүргізушілер мұны видеоға түсіріп алған.

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары құқық бұзушыларды анықтады.

Жол ережесін өрескел бұзғандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы және 606-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Павлодарлық әйел қызына «тиіскен» деп туысын айыптап жатыр
«Жоспар құрған»: Әйел көңілдесіне күйеуін өлтіруге көмектескен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу