Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді – Жарлық

Oinet.kz 24-07-2023 615

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Screenshot_4.jpg

Жаңа өзгеріске сай, Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды.

«Міндеттері - Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - делінген жаңа редакцияда.

Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 3 тамызда күшіне енеді.

Бұған дейін МКҚ-ден Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты алынып тасталуы мүмкін екендігі хабарланған еді.

Инновационные возможности NFT в игровой сфере
Анасын аяусыз тепкілеген ақмолалық 4 жылға бас бостандығынан айырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу