Алматыда әйел адамның басын кесіп алды делінген күдіктінің ісі сотқа жіберілді

Oinet.kz 31-07-2023 820

Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға апарып тастаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_15.jpg

Бүгін, 31 шілде күні қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді.

"Алдын ала тыңдау 2 тамыз сағат 16:00-ге белгіленген", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 12 сәуірде бір ер адам Алматыдағы  Шолохов көшесіндегі  базар бутиктерінің біріне әйелдің басы салынған сөмке қалдырып кеткен болатын.

Қалалық полиция департаменті сол күні әйелдің денесінің қалған бөлігі базар тұрған көшедегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан табылғанын мәлімдеді.

12 күннен кейін Алматыда әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, ол 1962 жылы туған ер адам болып шықты. 

Полицейлер ұсталған азаматтың жәбірленушімен бірнеше күн таныс болғанын, қылмысты жанжал кезінде жасағанын анықтады.

Екібастұздағы өрт - Қаза тапқан жасөспірім жанармай құю бекеті иесінің ұлы болып шықты
«Көлгіновтен көл қалды»: Астанада су басқан көшелерде автобустар «жүзіп жүр» (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу