Алматыда ер адам танысын қызғанып өлтіріп қойған

Oinet.kz 11-08-2023 1342

Алматы полициясы әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады. Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа-порталына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген полиция таратқан хабарламада.

ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Астанада әйел 9-қабаттан балаларымен бірге секіріп кетпек болды
Модельный ряд iPhone: инновации и стиль
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу