«Көмектесіңіздер, анамды ұрып жатыр»: блогер оқиғаның егжей-тегжейін айтты

Oinet.kz 29-08-2023 749

Қарағанды облысында өз үйінің ауласында соққыға жығылған әйел танымал қазақстандық блогердің туысқаны болып шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Қыз 25 тамызда сағат 7:00-де Қарқаралы қаласында белгісіз біреу туысқанына шабуыл жасап, ақша бопсалағанын айтқан видео жариялады.

"Белгісіз адам менің тәтемді ұрып-соғып, оны қылқындырған. Ол қарсыласқанын тоқтатып, ес-түссіз қалғанда, оны өлді деп ойлап, үйге сүйреп апармақ болған. Үйде ол інімді көрген, оны аяғымен теуіп, табамен ұрған. Содан кейін әжем шыққан, ол әжені де ұрған, оның қолы сынған", - деді блогер Айя Ли.

Жақындап келе жатқан таксидің дыбысын естіген ер адам қашып, із-түзсіз кеткен. Келесі күні полицейлер күдіктіні Қарағандыда өз пәтерінен тапты. Қыздың айтуынша, сол жерден газдың шығуы анықталған.

"Ол өлгісі келді ме, әлде басқа ма. Енді, айыпталушының (күдіктінің. – еск.) құқық қорғау органдарында туыстары бар екені белгілі болды, олар оны "ақтауға", мерзімін азайтуға тырысып, түрлі оқиға ойлап шығарып жатыр", - деп қосты блогер.

Туыстары айтқан тағы бір нұсқасы бойынша, ер адам зардап шеккен 51 жастағы тұрғынды тонау үшін емес, 2 миллион теңге қарызын алу үшін келген.

Қыз оқиғаны жария етуді, видеоны таратуды өтініп, посттың астына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Астана әкімдігінің, түрлі БАҚ пен пабликтердің парақшаларын белгілеп қойған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aiya Lee (@ayalee.n)

Қытайда Шыңжаң қазағы құран оқығаны үшін қамауға алынған
Астанада ер адам көшенің ортасында адамды өлтіріп, автобусқа мініп, қашып кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу