«Бұл жерде өлгім келмейді»: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы көмек сұрады

Oinet.kz 29-08-2023 945

"НемолчиKZ" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі тағы бір оқиғамен бөлісті. Бұл жолы үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы көмек сұраған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа-порталына сілтеме жасап.

Screenshot_11.jpg

"Ол Калькуттада тұрады екен. 10, 3,5, 1,1 жастағы балалары бар. Егер осы жерден шыға алатын мүмкіндік болса, көмектесіңіздер деп отыр",- деп жазды Дина Таңсәрі. 

Жәбірленуші қазақ қызының айтуынша, ең бастысы Үндістанан шығып, елге жету.

«Мен бұл жерде өлгім келмейді, мен балаларымның қалыпты болашағын қалаймын! Бұл жерде бәрі маған қарсы, тамақты да, көрінген заттарды да маған лақтырады, балалар бәрін көріп отыр!"

Құқық қорғаушының айтуынша, оның күйеуі 4 жыл бойы ұрып, тұншықтырған.

"Отбасын асырамай, тамақ беруді шектеп оты. Үлкен қызын оқытпай, отбасын ешқайда шығармайды. Әйелдің жинаған бар ақшасын тартып алған. Әйел Үндістаннан кеткісі келеді. Алайда екі баласының визасы жоқ. Ал үлкен қызының визасы бұзылған. Басында күйеуі бұл қырынан көрсетпеген. Мен Әйелдердің құқығын қорғау комитетін бұл оқиғаға араласуын сұраймын",- деді Дина Таңсәрі.

"НемолчиKZ" қоры еліміздің Сыртқы істер министрлігін және Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінен қол ұшын созуды сұрап отыр.

Screenshot_10.jpg

«Табиғи жолмен дүниеге келді» - Көп балалы отбасының жеті перзентінің бәрі бір күнде туған
Шатқалға ойып жазу жазған Мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу