«Аяғы сал тартып, жүре алмай қалған»: Жүзден астам оқушы белгісіз аурумен ауруханаға түсті

Oinet.kz 06-10-2023 842

Кенияның батысындағы Эреги қаласындағы Әулие Тереза қыздар орта мектебінде белгісіз ауру таралып, 106 оқушы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Citizen.digital басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Ауруханаға түскен оқушылар зертханалық тексерудің нәтижесін күтіп отыр. Аталған белгісіз сырқаттың негізгі белгісі – аяқтың сал тартуы. Осыған байланысты қыздар аяғын басып жүре алмайды. Сондықтан мыңнан астам білім алушы үйлеріне жіберілді. Жағдай бағаланып, қажетті шаралар қабылданғаннан кейін ғана олар мектепке қайта оралады.

Бастапқы зертханалық қан сынақтары зардап шеккендерде электролит деңгейінің жоғарылағанын көрсетті. Бұл адам денесі сұйықтықты жоғалтады дегенді білдіреді. Қан үлгілері одан әрі талдау үшін ел астанасы Найробидегі Кенияның медициналық зерттеу институтына жіберілді.

Кенияның медициналық және ғылыми-зерттеу институты аурумен күресу үшін шаралар қабылдады. Батыс өңірінің денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де дерттің таралуына қарсы барлық қажетті шараларды қолданып жатқандарын айтты. Какамега ауданының медициналық директоры Стивен Вандей ата-аналар мен мектептерді сақ болуға шақырды. 

"Оқушылардың үйлеріне жіберіп, туыстарымен қауыштырмас бұрын олардың қандай дертке шалдыққанын анықтауымыз керек. Ауру жұқпалы болып шықса, оқушылардың үйлеріне қайтуына рұқсат бермеу керек. Егер олай жасасақ соңы үлкен апатқа тап болады", – деді Стивен Вандай. 

«Көшеде жылап тұрған бала құрыққа іледі»: Желіде тараған хабарлама қазақстандықтардың үрейін ұшырды
«Көзіне шөп салып жүр деп күдіктенген»: Ер адам әйелінің жыныс мүшесіне петарда салып жарған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу