«Қызын қорлағанға жатады»: Этнограф ұзатуда болған жағдайға қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 23-11-2023 756

Желіде ұзату тойында анасының аяғын сүйген қыздың видеосы пайда болды. Аталған тақырып қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсіп, этнограф Болат Бопайұлы жат қылықты сынға алды; деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Этнографтың айтуынша, әдет-ғұрпымыз бен салтымызда мұндай ерсі қылық болмаған. Аяққа жығылу Үндістан елінің салтына сай.

"Салт-дәстүр ойнайтын нәрсе емес. Мұндай салт-дәстүрді кезінде ақсақалдар, қариялар, билер, сұлтандар тоғыз дүре соғып, тоғыз-тоғыздан мал қойып, айыппұл төлетіп тоқтатқан. Қазақ дәстүрінің ғасырлар бойы бұзылмай жетуінің, асыл дәстүр, ата дәстүр деген тағылымдардың барлығы жақсылыққа құрылған. Аяқ сүю деген дәстүр мүлде болмаған. Ол қорлыққа жатады. Қызын қорлағанға жатады. Сондықтан бұл, негізінен тапқыш, айтқыш, қызықшыл тамадаларға ойын үшін шығарып жүргені. Мұндай ойындарға тыйым салу керек", - деді этнограф. 

Как покупать товары с Аукциона Rakuten Japan - пошаговая инструкция
Ұлттық университет – Ұлы даланың білім шаңырағы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу