«Cезімімнің өшкенін түсіндім»: Прокурор Салтанат Нүкенованың телефонындағы хабарламаларды оқыды

Oinet.kz 04-04-2024 662

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенованың телефонындағы деректерді айта бастады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_10.jpg

Ең алдымен прокурор Нүкенова мен Бишімбаевтың жеке хаттарын оқи бастады. 

"Мен Павлодарға біржола кетемін. Соңғы күндері мен сезімімнің өшкенін түсіндім, мен ештеңені сақтап қалғым келмейді, бұл мүмкін емес. Сен көзіме шөп салғаның үшін ештеңе жасамадың, тіпті кешірім сұрамадың, тек мені кінәлап, психотерапевт кеңесін алуымды талап еттің. Сен дымды көрмейтінің соншалық, енді шыдай алмаймын, мені кешір, ұмыт және жібер. Мен өзім үшін нақты шешім қабылдадым, мен ата-анаммен бірге боламын, олар маған қарайды", - деп мемлекеттік айыптаушы жазбаны оқыды.

Артынша прокурор Нүкенова кімдерге қоңырау шалғанын және Салтанатқа кімдер қоңырау шалғанын айтты. 

«Су деңгейі көтеріліп келеді»: Қостанай әкімдігі тұрғындарды эвакуацияға дайын болуға шақырды
Клавиатура для работы: критерии выбора
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу