Астанада 7-сынып оқушысы төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды

Oinet.kz 21-05-2024 318

Астанада 7-сынып оқушысы төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Астана әкімдігінің мәліметінше, қайғылы оқиғаның алдын алған Ақан Әкімжанов №31 мектеп-гимназиясының 7 "Д" сынып оқушысы екен. 

20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде, төртінші қабаттағы балконның сыртында, қоршауға асылып тұрған баланы байқайды. Ақан төртінші қабатқа жүгіріп шығып, бес жасар баланы аман алып қалған.

Ақан Әкімжанов өзінің де іні-қарындастары бар екенін, қажет болған жағдайда оларға да осылай көмек көрсетілетініне сенетінін айтты. 

«Денесін үш баласының қасына тастап кеткен»: Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірген ер адам сотта сөйледі
Астанада төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарған жеткіншек марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу