«Мені құшақтай бастады»: Айтбек Амангелді куәгер Насырбековаға қатысты ойын айтты

Oinet.kz 23-05-2024 1043

Айтбек Амангелді журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында сотта куәлік берген Насырбековаға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Screenshot_21.jpg

Ол алдымен Қуандық Бишімбаев кісі өлтіргенін жасырып, қарындасы Салтанат Нүкенованың денесін сыртқа алып шыққысы келгеніне сенімді екенін айтты. Сондай-ақ, марқұм қайтыс болған түні Қуандық Бишімбаевпен кездескен блогердің онымен сыбайлас екенін жеткізді.

"Ол Салтанатқа қол көтеретіні және өзі түсірген интим-видеолар туралы ешкім білмегенін қалады. Ол егер мен бұл туралы білсем, жағдайды жәй қалдырмайтынымды жақсы түсінді. Сондықтан оның миында ең қауіпсіз жол - Салтанатты өлтіру және кісі өлтіруді жасыру болып көрінді деп ойлаймын. Біз олардың кісі өлімін жасырып, денені мейрамханадан шығаруға тырысқанына әлі де сенеміз. Барлығы анық. Неліктен ол "сенен раушанның иісі шығады" деген әйел телефонды алып кетеді? Ол ұялы телефонды алып кетсе де, кетпесе де, кез келген жағдайда ол алиби ретінде шақырылды. Олар Салтанатты мейрамханадан кетіп қалғандай етіп көрсеткісі келді. Егер олардың бұл ойы жүзеге асқанда, олар жәй ғана "телефоннан қараңыз, ол үйге кетіп қалды, үйден қайда кеткені белгісіз" деп қоятын еді. Ешкім де мейрамханадан дәлел іздеу туралы ойламас еді. Ол сотқа келді де ақымақтың рөлін ойнады. Бишімбаевқа осындай ой келді. Ол бұл қылмыс туралы ешкім білмегенін, оның беделіне, өміріне әсер етпегенін қалады. Сондықтан ол Байжановты шақырып, нақты нұсқаулар берді.

Менің ойымша, Насырбекова - сыбайлас, бұл менің жеке пікірім. Ол сотқа келіп, түсініктеме берген күні, мен сыртқа шыққанда ол күтпеген жерден дәлізде менің алдымнан шықты. Ол көзіне жас алып, маған бәрін түсіндіргісі келіп, құшақтай бастады. Мен жылап жатқан әйелге суық жауап бере алмадым. Мен оның сотта берген жауаптарын мүлде түсінбедім. Кейінірек оның қай кезде өтірік айтқаны анықтала бастағанда, мен де түсіндім. Сондай-ақ, мен профайлердің видеосын көрдім, ол Бишімбаевтың қимыл-қозғалысына талдау жасады. Видеода "Fitness Palace" туралы айтылады, сол кезде менің миымда олардың "Fitness Palace" қалай танысқанын айтқан бейнесі пайда болады. Содан кейін ол олардың жақында танысқанын айтады, ал Бишімбаев олардың 10 жылдан бері таныс екенін айтты. Мен ойлана келе, миымды пазл құрастырылды. Оның телефонында Бишімбаев "Куандык" деп сақталған. Жалпы, "Кудаги" және "Куандык" - мұның бәрі ақымақтық қой. Мен олардың романтикалық қарым-қатынаста болғанына сенемін. Менің ойымша, иә, өйткені Назым (Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі) сұхбатының бірінде оның тұрақсыз, көзге шөп салатын адам екенін айтқан болатын. Мен таңғалмайтын едім", - деді Айтбек Амангелді.

Алматыда оқушыны мектеп бітіру кешіне дайындауға қанша ақша кетеді?
«Жүрегім бос деп айта алмаймын»: Салтанат Нүкенованың ағасы бұрынғы некесі туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу