Ақтөбелік ер адам бұрынғы әйелін қызғанып, шәйнекпен ұрған
Ақтөбелік ер адам бұрынғы әйелін қызғанып, шәйнекпен ұрып жіберген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.
Ер адам оның бұрынғы әйелі жұмыс істейтін кеңсеге жұмысқа орналасуға келген. Ер адам келген уақытта әйел әріптестерімен шай ішіп отырған. Осы сәтте оның экс-күйеуі орталарына келіп қосылған. Ол бұрынғы әйелі туралы әзілдей бастағанда екеуі сөзге келіспей қалған.
Ер адамның аргументтері таусылып, ол шәйнек пен темір шыныны әйеліне қарай лақтырып жіберген.
58 жастағы ақтөбелік осы әрекеті үшін сот алдында жауап берген. Сот-медициналық сараптамада әйел адамның денсаулығына айтарлықтай зиян келмегені анықталған. Әйел адам сотта бұрынғы күйеуін кешірмегенін, жазаны сот тағайындауын және ер адамның оған жақындамауын сұраған.
Айыпталушы сотта кінәсін мойындап, мұндай әрекетке қызғанып, ашуланғаннан барғанын айтқан.
Ер адам 40 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеліп, бұрынғы әйелімен байланыс орнатуға тыйым салынды.