«Әкемізден айырылып қалдық»: Мәжіліс депутаты жедел жәрдем жұмысын сынға алды

Oinet.kz 18-09-2024 1061

Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков жедел жәрдемнің кешігуі салдарынан әкесінен айырылып қалғанын айтып, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_31.jpg

Депутат не дейді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласына тоқталып, отандық медицинаны жетілдіруде жекеменшік секторды тартуды тапсырды.

Мұндай жүйелі жұмыстарды жедел жәрдем қызметінде де қолдану керек деп санаймыз. Ол үшін еліміздегі жедел медициналық көмек көрсету ережесін қайта қарау өте маңызды.

Ереженің 2-тарауының 11-тармағында дәрігерлік бригаданың диспетчерден пациентке дейін жету уақыты айқын белгіленген. Дегенмен, ірі қалалардан бастап, кенттер мен ауылдарға дейін нормамен белгіленбеген уақытта жедел жәрдем қызметі жетпейтінін жиі естиміз.

Мұндай жағдай жақында біздің әулетімізге де орын алды. Нақтырақ айтқанда, 23 шілдеде әкем кенеттен ауырып, жедел жәрдем қызметіне сағат 13.50 шақырту берілді. Алайда жәдел жәрдем 30 минутта келді. Бұл аралықта әкемнің жағдайы өте ауырлап қалған-ды. Шымкент қаласы «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» ереже бойынша пациеттің жағдайы 2-ші жеделдік санатта болғандықтан 15 минутта жетуі тиіс еді. Бірақ кешіккеннен кейін, тиісті жәрдемін көрсете алмай, әкемізден айырылып қалдық.

Бұл бір ғана жағдай емес. Жедел жәрдем өз уақытында келетін болса, көп азаматымыздыажалдан арашалап қалуға мүмкіндік болар еді.

Міне, ереженің осы нормалары көп жағдайда сақтала бермейді. Кейде жедел жәрдем 1 сағаттан аса уақытта жетеді. Мұны қалай жедел жәрдем деп атауға болады? – дейді мәжілісмен.

Шетел тәжірибесін ескеру қажет

Депутаттың айтуынша, жедел жәрдемнің пациентке жететін уақытын қайта қарап, әлем елдерінің тәжиребісін зерттеу қажет.

Мәселен, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Аустрия, Ирландияда жедел жәрдем қызметінің басты ерекшелігі – олар өте шұғыл (экстренный), шұғыл (неотложный) деп екіге бөлініп, науқастарға қызмет көрсетеді. Осы тәжірибені бізге де енгізу қажет деп білемін.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне келесі шараларды қолға алуды ұсынамын.

Біріншіден, жедел жәрдемнің пациентке жететін уақытын қайта қарап, әлем елдерінің тәжиребісін зерттеу қажет.

Екіншіден, жедел жәрдем саласына жекеменшік секторды енгізіп, бәсекелістікті арттырып, сервистік қызмет саласын жетілдірген жөн.

Үшіншіден, барлық жедел жәрдем бригадаларының жұмыстарына тексеру жүргізуді және көліктерінің жағдайын білуді және мамандарының біліктіліктерін қатаң бақылауға алуды сұраймыз, – дейді Данабек Исабеков.

«Байды құдай ұрарда – байлығына мас болар»: Ринат Зайытов бас прокурорға талап қойды
Әйелдерді енді хиджабқа бола мазаламайды – Иранның жаңа президенті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу