15 жастағы бала компьютер ойындарына тыйым салған анасын балтамен шауып өлтірді

Oinet.kz 08-11-2024 957

Ресейдің Мәскеу облысында 15 жастағы мектеп оқушысы анасын балтамен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Screenshot_7.jpg

Сергиев Посад маңындағы Красная Сторожка ауылында 15 жастағы балаға анасы ұрысқан. Ол жасөпірімнің планшеті мен телефонын алып, компьютерде ойнауға тыйым салған екен. Өйткені жасөспірім сабаққа бармаған.

Кезекті жанжалдан кейін мектеп оқушысы анасының жатын бөлмесіне келіп, оның басынан балтамен бірнеше рет ұрған. Әйел оқиға орнында мерт болды. 

Облыстық тергеу комитетінің мәліметінше, жасөспірімнің өзі полицияға мойындаған. 

"Қазір тергеушілер онымен жұмыс істеп жатыр, кәмелетке толмаған баланың қылмысқа қатысы, басқа да объективті айғақтары алынды, барлық мән-жайлар мен себептер анықталып жатыр", – делінген хабарламада. 

Шығыс Қазақстанда тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Как подобрать парфюм мужчине на подарок?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу