Елена Рыбакина Аустралия ашық чемионатын бастады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын бастады, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда словениялық Кайя Юванмен шеберлік байқасты.
Елена Рыбакина бірінші партияны брейкпен тәмамдады: 6:4. Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте Елена Рыбакина брейк жасай білді: 3:1. Ол матчті эйспен түйіндеді: 6:3.


