Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Oinet.kz 21-01-2026 56

Бірер жыл бұрын Талғарда ата-анасының көзінше көз жұмған Шерзат Болаттың ісі қоғамдық резонанс тудырған еді. Қазір оның әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты бұған дейін қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

қаржда.jpg

Қаржаубай Нұрымовқа бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру бойынша қылмыстық іс жүргізілген еді. Бұл туралы осы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді: "Қаржаубайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша көп азамат алаңдаушылық білдіріп, тікелей эфирде, басқа да жерлерде, одан қалса журналистер де сұрап жүргендіктен және бұл іске қатысты өсек-аяңды тоқтату үшін осы ақпаратты шығарып отырмын. Осы уақытқа дейін жауап бере алмадық, өйткені іс жалғасып жатты. Десе де осы аралықта атқарылған қаншама жұмыстың арқасында бұл нәтижеге қол жеткізе алдық деп ойлаймын. ...Қаржаубайға қатысты қозғалған қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 12-тармағы негізінде тоқтатылды", - деді ол.


Хромтау қаласындағы тамақтану орнында өрт шықты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу