Бір палаталы Құрылтайға кімдер квота бойынша кіре алады?

Oinet.kz 24-01-2026 33

Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында бір палаталы Құрылтайға кімдер квота бойынша кіре алатынын айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

imgo_1641792744.jpeg

- Парламенттегі квоталар туралы Президент Ұлттық құрылтай отырысында егжей-тегжейлі баяндады. Мемлекет басшысы айтқандай, «президенттік квота» деген болмайды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайдың отырысында «Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс» деді. Мұндай қадам болашақ Құрылтайдың құрамын жасақтағанда бәріне бірдей мүмкіндік берілуін қамтамасыз етеді. Ал әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған партиялық квота сақталады. Себебі бұл – Парламенттік емес, партиялық тізімдегі квота. Мұның барлығы конституциялық заңдар деңгейінде шешілетін мәселелер, - деді Мемлекеттік кеңесші.

Халық кеңесінің бірқатар функциясын Конституцияда бекіту ұсынылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу