Басы дауға қалған Сәпиевтің орынбасары оқиғаға байланысты пікір білдірді

Oinet.kz 26-01-2026 53

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімханов Серік Сәпиевпен арада болған жанжал туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_17.jpg

"Қазіргі уақытта әлеуметтік желі мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында төбелес болып, Сәпиевтің дене жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған еді.

Полиция 42 жастағы Қарағанды тұрғынының шағымы бойынша қылмыстық іс қозғады, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны хабарланды. Кейінірек әлеуметтік желіде Сәпиев пен орынбасарының арасында болған жанжалдың видеосы тарады. Сондай-ақ бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері пікір білдірді.

Бұл оқиға бойынша Астана дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов та пікір білдіріп, ешкім ешкімді ұрмағанын және жанжалдың неден туындауы мүмкін екенін айтты.


ҰҚК 4,5 млрд. теңге алаяқтық жасаған OrdaMed басшылығын құрықтады
Конституциялық реформалар жөніндегі ұсыныстарды талқылау жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу