Тоқаев Бас прокуратурада прокурорларды жинап жиын өткізді

Oinet.kz 26-01-2026 50

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада жиын өткізді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_24.jpg

Жиында мемлекет басшысы елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты.

"Кейбір шет елдерде болып жатқан қазіргі өте күрделі ахуалды көріп, бұл саясатымыздың дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетіп отыр, оған ешқандай күмән жоқ. Заң мен тәртіп мемлекеттік саясатымыздың негізгі қағидаты ретінде қабылдануы керек, бұл қағидатты жаңа Конституциямызға міндетті түрде енгізу қажет деп санаймын. Себебі бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, өміршең қағидат екені даусыз. Бас прокуратураның осы саладағы рөлі аса маңызды. Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына бейтарап, селқос қарауға құқығы жоқ", - деді президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев киберқылмыспен күрес тәсілдерін де түбегейлі қайта қарау қажеттігін жеткізді.

"Әлемде киберқылмыс өршіп барады. Жыл сайын мыңдаған азаматымыз соның құрбаны болып жатыр. Қазір интернеттегі алаяқтық қылмыстардың бестен бірі ғана ашылады. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет. Цифрлық қатерге төтеп беру үшін құқық қорғау органдары бір қадам алда жүруге тиіс. Озық ойлап, артта қалмаудың амалын табу қажет", - деді президент.

Screenshot_25.jpg

Бұдан бөлек, президент әлеуметтік желіде ақпарат таратуда заң талаптары ескерілуі қажет екенін айтты.

"Технологияның қарқынды дамуы ақпараттық кеңістіктің түбегейлі трансформациясына жол ашады. Қоғамды жікке бөліп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын деструктивті ақпарат таратуға бейіл адамдар да бар. Мұның бәрі өшпенділікке бастайтын ешкімге қажетсіз, тіпті қауіпті пікірталасқа жалғасады. Жасанды интеллектіні осындай адамдар ақпараттық қаруға айналдырып, заңға қайшы келетін контенттерді көптеп тарата бастайды. Бұған жол беруге болмайды. Ондай әрекеттерге құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тарту қажет. Азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн", - деді президент.

Сонымен қатар жиында бас прокурор Берік Асылов, премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекеев, ішкі істер министрі Ержан Сәденов сөз сөйледі.

"Боғауыз сөзді қымсынбай айтатын қазақтың қыз-жігіттері көбейіп келеді"
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу